Роза Әлқожа: Өнерде жүргеніме он бес жыл....


Роза Әлқожа: Өнерде жүргеніме он бес жыл....

  Сөздің парқын білетін, жаны сырлы сазга тұнған Розалардың жалғасы, аяулы ана, асыл жар, хас талант Роза Әлқожамен өнердегі болашақ жоспарлары туралы әңгіме өрбіткен едік.

 

 – Армысыз, Роза ханым! Бүгінгі кешке қандай ән-сарқытыңызды ұсынбақ ниеттесіз?

 – Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі кешке  мен өзімнің  жаңа әнімді ала келдім. Алайда  «сарқыт»  деуге келмейтін  де шығар(күліп алды)... 

 Бүгінгі  «Жеті нота» кешінде орындалатын  әнім жас талант, ақын, сазгер  әл - Фараби Бекарысұлының әні мен сөзіне жазылған «Зерегімсің»  деп аталады.

 

 – Сұхбатымыздың әлқиссасынн бастап алдық. Көпке белгілі, ән әлемінде тыңдармандарыңызды үздіксіз қуантып келесіз.  Шығармашылығыңызда қандай қызықты жаңалықтар орын алуда?

 – Иә, өте орынды сұрақ.  Жоғарыда атап өткен бауырым әл - Фараби Бекарысұлынан  өз шығармашылығыма  жақында  жаңаша бес ән алдым. Бауырымның  «Найзағай көңіл» деген әнін ұнатып, оны өзімнің инстаграмм парақшама салып, жариялаған болатынмын. Осыдан кейін автор маған хабарласып:  «Роза апай, сіз менің  әндерімді ұнатады екенсіз» - деп, бірқатар әндерін ұсынды. Мен де өз тарапымнан  қуана-қуана ерекше ризашылығымды білдірдім.  Себебі, менің ән әлемімде  көңілді әндер аз болатын.  Маған  «Осы неге мұңды әндер айтасыз?» деген сында айтылған кездер жетерлік. Ән қоржынымдағы жаңа әндер арқылы айтылған сынды өзгертуге тырыстым. Алдағы уақытта әндерімде  ырғағы жағынан  ерекше болатын шығар деген ойдамын. Сондай-ақ  әл-Фарабидың «Әппағым»  деген әнін  өз дауысыма лайықтап жаздырдым.  

 Одан өзге болашақтың  еншісінде  де  орындалатын жоспарларым  өте көп. Байқап қарасам,  биыл өзім отыз бесті еңсеріппін. Өнерде де жүргеніме де  он бес жылдың жүзі болыпты. Білетін боласыздар, 2011 жылы  сахнада жүргенімнің  10 жылдығын атап өткен едім. Биыл да мерейтойымды атап өтуден құр қалмайтын шығармын деген ойдамын. Басты жаңалығымның бірі – барлық орындалған әндерімнен құралған  «Алтын жинағымның»  жарық көруі. Маған бұл тартуды  «Дастан» студиясы  ұсынды. Алтын жинағыммен қатар келіп отырған мерейтойымды да  жақын арада атап өту қажет деп ойлаймын.

           – Алтындай бағалы уақытыңызды бөліп, бізбен әңгіме өрбіткеніңізге рахмет!

 Әңгімелескен: Ақтолқын ТАЖИКОВА,

Дастан ҚАСТАЙ

 

«Жеті нота» ән-жыр кеші

Алматы қаласы

Республика сарайы

 



© ELER MUSIC / 2017
Барлық құқықтар қорғалған.
E-mail: admin@eler.kz
Тел.:
uCozЯндекс.Метрика


Яндекс.Метрика