Өмірқұл Айниязов: Шығармашылық ізденісімде жаңа қырымм...


Өмірқұл Айниязов: Шығармашылық ізденісімде жаңа қырыммен танылмақ ойым бар...

   Дәстүрлі ән мен эстрадалық бағытты ұштастыра білген, ән қоржынына талғампаздықпен қарайтын Өмірқұл Айниязовпен сұхбаттасқан едік.

 

  – Армысыз, Өмірқұл аға! Бүгінгі «Жеті нота» ән кешіне қош келдіңіз! Талғамы биік көрерменді бүгін қандай әніңізбен қуантпақ ойыңыз бар?

  – Бұл кешке өзімнің халық көп біле бермейтін, бұрындары дуэтпен орындаған әнімді ала келдім.  Алдағы уақытта ән өнерімде жаңа қырымнан да танылмақ ойым бар. Өзімнің дуэтпен ән айтуға  аса көңілім қаламайтындықтан  бұрындары орындалған бұл әнімнің насихаты аз болғаны жасырын емес. Ән – «Бабалар рухы» деп аталады. 

  Бір кеште үлкен өнерге аяқ басып келе жатқан дарынды жастардан құралған «Семсер» тобын байқағаннан кейін, інілеріме деген ағалық ақ тілегіммен аталған әнді дуэтке лайықтап қайта жаздырырған едік.

  Жақында «Бабалар рухы» әніне клип те түсіріліп, экран арқылы тыңдарман қауымға жол тартты.  
 

– Әнші орындайтын әннің көбіннде сазгері мен мәтінінің иесі аталмай қалып жатады.  «Бабалар рухы» әні жайлы толық айтып өтсеніз.

         – Иә, ол сөзініңіздің жаны бар. Келісемін! Бүгін шырқалатын «Бабалар рухы»  әнінің  сазын баптаған  Әлімбай Ботақараев деген бауырымыз, ал сөзін жазған  талантты ақын – Батырхан Сәрсенхан. 

 

    – Жақсы, шығармашылық әлеміңіз қазір қандай тың дүниелермен толықтырылып жатыр?

   – Шығармашылық жаңалықтарыма тоқталсақ, қазірде негізгі жаңалығымыз  жоғарыда аталған ән мен бейнебаян болып тұр.  Әншілігімді толықтай танытатын жазылып жатқан әндерім де жоқ емес. Көп болмады, өзімнің халқыма сәлемдесуім  ретінде жаңаша фотматта «Жыр бастау»  аталатын ән жаздырғанмын. Шүкір! Халық арасында мейілінше айтылып, орындалып жатқан әнімнің бірі. Одан өзге қасиетті Арал өңірінде өткен Жақсан Тәңірбергенов деген жыршы атамыздың «Өсиет» толғауын   жаңаша эстрадалық нұсқада орындадық.  Бұның бәрі сахна сыртындағы атқарылып жатқан шығармашылық ізденістерім деп нық айта аламын.

   Халқымның сүйіп тыңдайтын «Қарағым-ай»  әнін де қайта жаңғыртып, тыңдармандарға тың серпінмен ұсынудамыз... 

   Астана қаласында өткен  сазгер Әсет Бейсеуовке арналған кеште де сазгердің «Күткенде» деген  әнін орындап, халық қошеметіне ие болдық. Тек қана ірі қалалар да ғана емес, ауыл, аудан орталықтарында да шығармашылық кешімді өткізіп жатырмын. Сөзіме дәлелі, жақында Қызылорда облысының бірқатар өлкелерін аралап,   тұрғындарымен қауышып қайттым. Ақтау, Өскемен, Түркістан  тұрғындары да жылы шыраймен қабылдады. Мұның бәрін тыңдарманның өнерге деген ерекше махаббатынан деп білемін.

  – Дәстүрлі ән орындаудың майталманысыз, халық көңілінен шығып жүрген дәстүрлі әнді эстрадалық бағытқа салып орындауда қандай қағидаларды ұстану қажет? Артығы мен кем тұстары толығырақ?...

  – Менің пайымымда, дәстүрлі ән – атадан балаға мұра болып келе жатқан сарқылмас қазынамыз.  Бұл әндерді қандай жанр, қандай бағытқа салып айтсақ та бәрібір өз құндылығын жоймайды. Өнерде осы мәселенің бір түйіткілі бар. Ұлт байлығын эстрадалық бағытқа салған кезде әуенін бұзбай, иірімдерін қалдырып, қазақы нақышын жоймай, эстрадаға тән қатты шум (артық дыбыстар) қоспай, бағытын шетел әнінің нұсқасына бұрмаламай орындау қажет. Сонда ғана ән ерекше әрленеді, жанданады. Дәстүрлі ән сонда ғана өз қасиетін жоғалтып алмайды.  Менің де дәстүрлі әнге жуық болатын себебім, дәстүрлі ән мектебін толық меңгеріп, сол саланы бітіргенмін.  Дәстүрлі әндер – болмысыма, табиғатыма тым жақын.

 

  – Арнайы уақытыңызды бөліп, сұхбаттасқаныңызға рахмет! Толағай табыстарға жете беріңіз!

 

Сұхбаттасқан: Дастан ҚАСТАЙ

 

Алматы қаласы

Республика сарайы

«Жеті нота» ән-жыр кеші

 

Фото авторы: Сымбат КАРЛ

 



© ELER MUSIC / 2017
Барлық құқықтар қорғалған.
E-mail: admin@eler.kz
Тел.:
uCozЯндекс.Метрика


Яндекс.Метрика