Өктем Алтаев: Тастанды бала секілді тастанды әндер көб...


Өктем Алтаев: Тастанды бала секілді тастанды әндер көбейіп кетті...

   Сазы мен бабы келіскен сазгер һәм әнші Өктем Алтаевпен бүгінгінің есті және ессіз әндері туралы әңгіме өрбіткен едік.

 

  – Сізбен жолығып, сұхбаттасудың сәтті бүгін бүйырған екен. Бүгінгі «Жеті нота» концертіне орындаған әңіңіз туралы әңгімеміздің әлқисасын бастасақ....

         – «Жеті нота»  жобасында өзіңмнің «Періштем»  деген әнімді орындадым. Ол әнім 1992 жылы  менің ең алғашқы магнит альбомымда жарық көрген ән. Сол уақыттың жастарының сүйікті әні болды. Сондай-ақ қазіргі жастарға да осы әнім ұнайды. Бұл әнді сахнаға жаңа заманауи ремикс нұқасында өңдеп, Ақтаулық жас әнші, өзімнің шәкәртім Әділ Темірмен орындап шықтым.

         Құдай қаласа «Жеті нота» концертіне ендігі уақытта жылына 2-3 рет беріп отырады деп жоспарланып отыр екен. Алдағы уақытта болатын  концертінде жаңа ән алып шықсам деген ойым бар.

        

   – Шығармашылығыңыздағы қандай жаңалықтарыңызбен қуантасыз?

   – Жеке шығармашылыма келер болсам, қазіргі уақытта жаңа әндер жаздырудамын. Келесі жылдары тағы да Республика сарайы мен Астана қаласында үлкен концерт берсем деген жоспарым бар. Көптеген әндерімді жас әншілерге, аға буын әншілерге, орта буын әншілерге жеке-жеке бөліп топтастырып, жеке есеп беру  кешіме дайындалудамын.

         Жаңа әндерім туралы толығырақ ашып айтпағаным дұрыс болар. Құпиясы ашылып қалса, олда болмайды.  Тыңдармандарым мен көрермендер  телеарналар мен радиолардан естіп қалар.

 

   –  Жаңа әнжинақ, бейнебаян жағы сізде қалай?

  – Мен  1992 жылы, 1994 жылы, 1996 жылы 90 минуттық дыбыс жазу таспасынанан альбомымды шығардым. Одан кейін 1999 жылы үн тастамды жаздым.  Бір жылдан кейін яғни 2000 жылы жеке Өктем Алтаев болып CD форматта ән жинағымды тыңдарманға ұсындым. Алтыншысы 2004 жылы жарық көрді. Репертуарымда 3-4 бейнебаяным бар. Алдаға уақытта жас әншілермен бірге жаңа бейнебаян түсірмек ниеттімін.

  – Іңіңіз Бақыт Алтай шығармашылық әлемінен көрінбей кетті.  Көпшілік қауым «жанбай жатып, өшкен жұлдыз» деп те атайды. Ағасы ретінде сіз не айтасыз?

  – Сіз айтқандай, Бақыт Алтай үлкен сахнаға шықты. Қазіргі уақытта   өңірлерді аралап жеке  концертін беріп жүр.  Одан өзге жаңа шығармашылық ізденісте.  Биылғы жылы сахнадан көріп қаларсыздар деген ойдамын.

 

  – Күн санап, плагиат әндердің өршуі сазгер ретінде  ойландырады ма?

  –  Композитор ретінде мен оған қарсымын. Қазіргі уақытта тастанды бала секілді тастанды әндер көбейіп кетті. 

  Ән деген композитордан туылатын керемет дүние. Керек десеңіз балаға да балайды. Қадыр Мырзалиев ағамыз «Менің әнге жазылған мәтіндерім ұзатылған қыздарым. Менің поэзиям шаңырағымды ұстап қалатын ұлдарым» деген екен.  Сол секілді әр композитордың өзегінен жарып шыққан баласы іспетті.  Әркім өзінің баласын бағып-қағып өсіргені секілді әр туындысына солай қарау керек.  Ал енді әні өзбектікі, сөзі мына жақтан қазақтікі болса, метис болды ғой. Ол қазақша ән емес, не өзбекше ән емес. Болмаса әні түріктердікі, өздері радиолардан естіп алады да, бізді білмейді деп алдап қайдағы бір мәтіндермен сөз жазып әннің қадірін кетіріп жүргендер жетерлік.

  Үш қайнаса сорпасы қосылмайтын гректің әнін қазақшалап айтады. Бұрынғы кезде аударма деген болатын. Біздің Абай ақынымыздың аудармашылықпен айналысқанын бәрі біледі.  Аударма деген  үлкен бір ғылым. Өзге ұлттың керемет бір туындысын қазақшаға аударған кезде, қадір-қасиетін жоғалтпастан жүз пайыз аудару. Ондайлармен ақындардың ұлылары ғана айналысқан. Қазір білмеймін, бәрі аудармашы.  Ол аудармашыға жатпайды, ұрлық. Одан қалды нағыз сорақылық  Біреудің әні басқа характерге жазылған.  Мінезі мүлдем басқа. Қызға арналған әнді жігітке арнап, одан қалды тойға әкеліп жар-жар қылып жібереді. Я болмаса ол жақта азалы ән болуы мүмкін. Оған біз жақта келіп көңілді ән жазады.  Ол аудармаға жатпайды ғой.  Әдебиетті оқымаған жастар, музыка әдебиетін білмейтін жастар секіліп, сахнаны бұзып жатыр.

  Егер ән керек болса, ондай әндерді мен-ақ шығарып бере аламын. Мен шығармасам, басқа да жақсы композиторлар көп.  Консерваторяны, өнер академиясын бітіріп жатқан қаншама білікті жандармен ақылдасып, жұмыс жасаса жақсы дүниелер туады. Бұл жерде ауыз біршіліктің жоқтығы. Үлкен ағалардан  ақыл сұрап, келіп ән сұрағаннан  ұялмау керек жастар.

  Плагиатты лажы болса, сіздер яғни журналистер әшкерелеулеріңіз керек.  Қаншама әнді осы күнге дейін мойындаттыңыздар. Осыны жалғастыра беріңіздер. Біздің қазақ сахнасында  мүлдем плагиат әндер орындалмауы керек.

 «Жеті нота» концертінің басқа концерттерден айырмашылығы –плагиатпен күресу. Отандық композиторлардың әндері шырқалып жатыр. Шығыстың стиліндегі әндер орындалганымен өзіміздің қазақтың жігіттері шығарған. Бізде жасай аламыз. «Тау, тау» дегісіп.  Жақсы әнді көрді де тау деп жаза салды. «Жақсы сөз – жарым ырыс» дегенді ұстанып алды да позитивті сөздер айтсаң, өміріңде позитивті болады деген қағиданы ұстанып тау сияқты биік болсын деп әндерді жаза береді. Мен сондай нәрселерге қарсымын. Сол әнді нақты шеберлер болса, таза  мағынасында таза жүз пайыз қазақшаға аудару керек еді.

 

  – Әндеріңізді орындайтын жандарға қандай талап қоясыз?

  – Менің басты талабым –менен ән алған әншілер 2-3 жылда әнмен жұмыс жасап, нәтиже шығару керек. Болмаса, қайтарып аламын. Әнге сауатты сөз жазып, жақсы өңдеп, үлкен сахнаға орындау керек. Кейбір әншілер әнге өңдеу жаасатқанымен әрі қарай үлкен сахнаға шығармай қояды.

 

  – Дауысқа мән бересіз бе?

  – Дауысқа міндетті түрде мән беремін. Дауыс мәселесіне келер болсақ, басты мәселе дауыста да емес.  Ең басты мәселе әншінің талғамында.  Кейбір әншілердің даусы бар, талғамы жоқ.  Талғамы бар әншілер болса, даусына қарамаймын.  Мүмкін оның даусы қырылдап қалған,голосовой аппараттары шаршап қалған әнші болуы мүмкін. Бірақ, ол халықа әнді керемет жеткізуі мүмкін.  Сондай әншінің характеріне  қарап ән жазуға болады. Кейбір әншілер патриоттық тақырыпта үлкен сахнада орындайтын болады. Даусына қарап әншілерге өзім бөліп қарастырып отырамын.

 

  – Руханиятыңызды немен байытасыз?

– Руханиятты көбінде кітап оқып, байытамын.  Енді аса көп кітап оқимын деп мақтанбаймын. Ұлы адамдардың өмір жолы мен еңбектерін оқығанды жақсы көремін.  Қазақ халқының мақал-мәтелдерін көбірек оқуға тырысамын.

 

  – Соңғы оқыған кітабыңыз?

  – Қазақша кітап есімде жоқ.  Бірақ, орысша оқыдым. Сондай-ақ Құраннан бөлек Конфуцейдің ілімдерін зерттеп жүрмін. Адам есейген сайын соған апарады екен.  Құран мен мақал-мәтелмен шектеліп қалу менің ойымда емес. Әртүрлі ілімдерді оқып, зерттеп жатырмын.

 

  – Сізді көбірек ойлантып-толғандыратын мәселе бар ма?

  – Біз осы тіліміз бен ұлттық болмысымызды жоғалтып алмасақ екен деген ой мазалайды. Қазақ жаңашылға ұмтылған. Елбасымыз айтқандай зайырлы  мемлекет болғанда да қазақ деген болмысымызды жоғалтпауымыз керек.  Мен осыдан қорқамын. Бірақ, жоғалтып алмаймыз деген ойдамын. Өйткені,  сан ғасырдан келе жатқан нәрсе жоғалады деп ойламаймын. Ал енді ұнамайтын нәрсе  көпке топырақ шашпаймын  дін мәселесіне келгенде әртүрлі ағымдар араласып кетті.  Жастар дәстүрлі дінмізден шатасып  жүр. 

 

  – Ән тақырыбына қайта оралсақ. Көше әні сахнаға шығып кетті деген пікірмен қаншалықты келісесіз?

  –  Сахнада орындалатын әндерге сараптама жасайтын орталық ашпаса болмайтын халге жеттік.  Ол үшін қазақ әдебиетін, қазақ ән өнерінің тарихын зерттеп жүрген ұстаз-ғалымдарымызды,  композиторладың ішінен де іріктеп  әндерді сараптап отыратын жандардың басын қосып  жаңа ұйым құру керек.

  Көше әні, сахна әні, тойдың әні, дастархан басында айтылатын әндер болып бөліну керек. Көшенің әніне сөзін салмақты етіп, сапалы өңдеу жасаған күннің өзінде бәрібір  көше әні болып қалады.  Мысалы, көшеде еркін ойнап жүрген баланың мойнына бабочка тағып, смокинг кигізіп  үлкен сахнаға шығарып, балам осы жерде ойна десең, ол жүре алмайды. Оның жүрегі, өкпесі қысылып ол жүрде қалай онайды. Әндерде солай. 

  Көще әнін сахнаға алып шыққан кезде сараптама жасау керек. Концерт берген кезде де көше әндері, той әндеріне арналған концерт деп беретін болса, халықта түсінеді.

  Сахнаның әндері болады.  Оған Ақан сері, Естай, Біржан салдың әндері халық әндеріне жатпайды. Олар халық композиторларының әндері. Ол халық композиторларының әндерін халық әндері сияқты халық қосылып айта алмайды. Өйткені, халық әндері айтылуы оңай, диапозоны қысқа, бір октова, әрі кетсе бір жарым октовадан аспайды. Ал мен атаған әндер – асқақ әндер.  Сахна әндерін өте кәсіби жоғары жезтаңдай әншілер ғана орындайды. Сол себепті де солай болып қалу керек.  Бұл – қазақтың жері, қазақтың сахнасы!

  Плагиат әндерге де жеке атау беріп, отау тігіп шығаратын уақыт келді. Өйткені, біздің сахнамызда  көбейіп кетті. Гректің әні болатын болса, сөзін жазған Пәленшиев емес, аударған Түгеншиев делінуі керек. Сол кезде біз гректің әні деп тыңдаймыз.

   Цензура болғаны жақсы. Халық – дана. Тыңдарман музыкалық терминмен айта алмағанымен, бәрібір біліп отырады.  Халықты алдай алмайсың. Сол себепті де өтірікшілерді сахнадан қуу керек.  Той-домалақта, кабаб- рестарондарда айтуға болады. Бәрімізде сол саладан өттік. Өйткені, тойда айта бересің. Онда еркін.  

  Жалпы ұлттық мүддеміз  орындалып жатқан кезде өзіміздің ұлттық әндер шырқалуы керек. Отанымыздың ақындары мен сазгерлерінің туындысы тыңдарманға жол тартқанын құптаймын. Небір талантты жастарды сахнаға шығаруына мүмкіндік бергеніміз дұрыс.

  – Аға, сұхбатымыздың түйінін тілегіңізбен білдірсеңіз...

  – Ұлттық өнімді қолдайтын адаммын. Өзіміздің ұлттық болмысымызды жоғалтпайық! Әр қазақтың жеке басына бақыт тілеймін! Бабаларымыз көрген зеңбіректің даусын естімесе екен. Тек ғана тарих сабақтарынан оқыса екен деген тілегім  бар. Балаларымыздың күлкісі шад болсын. Қазақтың саны өсе берсін!

  – Бүгінгі күннің әндері туралы тұщымды пікір білдіргеніңізге рахмет, аға! Сіздің шаңырағыңызға шаттық, шығармашылығыңызға табыс тілеймін!

 

Сұхбаттасқан: Ақтолқын ТАЖИКОВА

Алматы қаласы

Республика сарайы

«Жеті-нота» ән-жыр кеші



© ELER MUSIC / 2017
Барлық құқықтар қорғалған.
E-mail: admin@eler.kz
Тел.:
uCozЯндекс.Метрика


Яндекс.Метрика